Горячие новости
Читайте также

Жамбыл облысында "Қырықбаевтар" ҰҚТ мүшелері ұсталды

Олар кәсіпкерлерден ақша бопсалған.

Фото : IaNews.kz29 мая 2019, 09:19

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Олар күш көрсету арқылы өңірлік орта-бизнес өкілдерінің бірін қорқытып, одан ақшалай қаражат бопсалаған, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқыту арқылы алынған соманы иеленгеннен кейін ұйымдасқан қылмыстық топтың "Р" және "Д" есімді екі мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады.

2019 жылғы 23-24 мамыр күндері жүргізілген іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, құрықталды.

ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии