Горячие новости
Читайте также

Балқашта 8 ай бұрын суға кеткен баланың денесі табылды

Нәрестенің денесі темірбетон құрылымдарының астында пайда болған саңылауда қысылып, Балқаш ЖЭС коллекторының шыға берісінде шебін мен бетон сынықтарына көміліп қалған.

Фото : volontery_karagandy_rina.kz30 мая 2019, 13:27

Балқашта Техснаб ауылында жоғалып кеткен екі жасар Бекнұр Дриғұл 2018 жылғы қазаннан бері іздестіріліп жатқан болатын. Бүгін, 30 мамыр күні, сүңгуірлер баланың денесін алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2016 жылы дүниеге келген Бекнұр Дриғұл 2 қазан күні күндізгі сағат 12 шамасында жоғалып кетен. Баланың анасының айтуынша, ол аулада ойнап жүріп, шарбақтағы тесік арқылы сыртқа шығып кеткен.

- 2019 жылы 30 мамыр күні Балқашта сүңгуірлер кішкентай баланың денесін алып шықты. Ол болжам бойынша 2018 жылы қазанда Техснаб ауылында жоғалып кеткен 2016 жылы туған Бекнұр Дриғұл. Кеше, 29 мамыр күні, тұрғындардан суда баланың денесіне ұқсас заттың жатқаны туралы хабар келіп түсті. Күн ұзағына сүңгуілер жұмыс істеді, бірақ ағыстың қаттылығына байланысты іздеу жұмыстары қиынға соқты. Құтқарушылардың сұрауы бойынша Балқаш ЖЭС-нен су жіберу қарқыны азайтылды, - делінген rozysk__karaganda парақшасында.

30 мамыр күні қиын жердегі орынға жетіп, оны шығарып алу мүмкін болған.

Хабарланып отырғандай, нәрестенің денесі темірбетон құрылымдарының астында пайда болған саңылауда қысылып, Балқаш ЖЭС коллекторының шыға берісінде шебін мен бетон сынықтарына көміліп қалған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии