Горячие новости
Читайте также

Он-шақты қой Қарағанды облысында ХҚО-ға кіріп кетті

Қойды ақыры қуып шықты.

Фото : GoodFon30 мая 2019, 17:15

Қарағанды облысындағы ХҚО-лардың бірінде қызық болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны редакцияға оқырмандар жолдады. ЦОН-ның ішіне кірген қойлардың шыққысы жоқ.

Видеоға түсіріп тұрғандар "бастықтың кабинетін іздеп жүрмесін" деп қалжыңдайды. "Шашлық жасасақ қайтеді", деп қояды.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі болған жағдайға түсініктеме берді.

– Ол видео Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында 25 мамыр күні түсірілген. Ол шағын орталық жекеменшік секторда орналасқан, онда үш адам жұмыс істейді. Сенбі күні орталыққа келетін азаматтар саны аз болғандықтан қызметкерлер ауланы тазалаумен айналысқан. Сол кезде ғимараттың ішіне жануарлар кіріп кетті. Оны байқаған қызметкерлер қойды сыртқа шығарды. Айта кетсек, ХҚО-лар сенбі күндері сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз жұмыс істейді. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз! – деді мекемеден.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии