Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Студенттер ұрлап кетпесін: Алматыға арендалық 300 электросамокат келеді

Шілде айында антивандал қорғанысы мен GPS-трекерлері бар 300 электросамокат 35 тұрақты стансаға қойылады.

Фото : kolesa.kz7 июня 2019, 11:58

Шілде айынан бастап оңтүстік астанада шерингтің тағы бір түрі іске қосылады, деп жазады kolesa.kz.

Самокаттың ақшасы минутына төленеді. Шілде айында антивандал қорғанысы мен GPS-трекерлері бар 300 электросамокат 35 стансада қойылады.

— Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жалға алынған электросамокатпен қозғалу уақыты 5-7 минутты құрайды. Оны көбіне метро бекетіне не аялдамаға дейін жету үшін пайдаланады. Біздің Android және IOS жүйелеріне арналған қосымшаларымыздың көмегімен пайдаланушылар банк картасы арқылы төлем жасай алады. "ОҢАЙ" картасы арқылы төлеу мүмкіндігін беру де жоспарда бар. Жыл соңына дейін біз тағы 500 самокатты іске қосамыз, — деді Ozim scooters стартапының директоры Асылбек Есенов.

Естеріңізде болса, бір жыл бұрын Алматыда велосипедтерді жалға беретін сервис түрі іске қосылған болатын.

Алайда тәжірибе көрсеткендей, бізге мұндай жаңалықтарды енгізуге әлі ерте сияқты, себебі жалға берілетін ofo велосипедтері талан-таражға түскен еді.

Қазір жұмысын жалғастырып келе жатқан тек муниципалдық "Алматы байк" қана.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии