Алматыда Әл Накауа Нура Гиас есімді 19 жастағы қыз жоғалып кетті
Полиция дерегінше, ол қыз шекара асып кетуі мүмкін.

Фото : Politeka12 июня 2019, 11:14
Алматыда бірнеше күннен бері 19 жастағы Әл Накауа Нура Гиас іздестірілуде. Алайда полиция дерегінше, ол қыз шекара асып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бойжеткеннің із-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат volontery_almaty_lider.kz Instagram-қауымдастығының парақшасында жарияланды.
Хабарламада айтылғандай, 2019 жылдың 7 маусымында Әл Накауа Нура Гиас кешкі бестер шамасында Орбита-4-тегі үйінен шығып, содан бері жоқ.
Қыздың айрықша бір белгісі бар: арқасында қызғылт түсті айдаһардың суреті салынған татуировка бар.
Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!
сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...