Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Әйелді зорлап, жайлауға қашып кеткен жігіт табылды

Алматы облысының тұрғыны "ешқайда кетпеймін деп қолхат беріп", полицияны қатырып кетпек болыпты.

Фото : Rasfokus.ru | Vladimir Shustov20 июня 2019, 12:03

Алматы облысында әйелді зорлады деген күдікке ілінген 31 жастағы жігіт шалғайдағы жайлаудан табылды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik.

Сарқан ауданының тәртіп сақшылары ешқайда кетпей туралы қолхат жазып беріп, ізін жасырған күдіктіні 2018 жылдың желтоқсанынан бері іздеген. Ер адамға Сарқан қаласында 35 жастағы келіншекті зорлады деген айып тағылыпты. Жәбірленуші әйел полицияға арыз берсе керек.

"Сотқа дейінгі тергеулер кезінде қолхат жазып берген күдікті қашып кетті. Жақында оның шалғайдағы жайлауда жасырынып жүргені анықталды. Кеше ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген", - деп Алматы облысының полиция департаменті мәлімет берді.

Ведомство атап өткендей, тергеу материалы сотқа жіберіліпті, үкім шыққанша күдікті уақытша ұстау абақтысында отырады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии