Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматы облысының жолдарында тәртіп күшейтілді

Алкогольдік немесе есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтауға баса назар аударылады.

Фото : Neonomad.kz20 июня 2019, 20:44

Алматы облысының аумағында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Шара барысында полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алуды, оларды болдырмауды басты назарда ұстайды, деп хабарлайды Zakon.kz өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Алматы облысы қара жолда қаза болғандар санынан республикадағы жоғары көрсеткіштердің біріне ілінген. Жыл басынан бері 900 астам жол апаты орын алып, 170 адам көз жұмған, ал 1300-ден астам адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Жол сақшыларының айтуынша, көлік апаттарының басты себептерінің бірі – жүргізушілердің жылдамдық тәртібін сақтамауы мен қозғалыстың қарсы бағытына шығып кету болып отыр.

- Биылғы бес ай ішінде жылдамдық режимін бұзған жүргізушілерге 9646 хаттама толтырылса, қарсы бағытқа шыққан «темір тұлпар» тізгіндеген 105 азамат жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлап отыр ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, өңірде жаяу жүргіншілермен болатын көлік апаттарының алдын алу бойынша тиісті шаралар күшейтілді. Полицейлер жыл басынан бері жол жүру ережесін сақтауды құнттамайтын және оны өрескел бұзған 6046 жаяу жүргіншіге хаттама толтырып, айыппұл салған.

- Арнайы іс-шара барысында қоғамдық көлік жүргізушілері, әсіресе такси жүргізушілері тарапынан бұзылатын ережелерді анықтау және оларды болдырмауға бағытталған шаралар ұйымдастырылды. Шараға өзге де көлік ұйымдарының өкілдері жұмылдырылды. Әсіресе, алкогольдік немесе есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтауға баса назар аударылады, - деп атап өтті полиция өкілдері.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында 877 көлік жүргізушісі ішімдік ішіп немесе есірткі қабылдап, көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, "Қауіпсіз жол" іс-шарасы 22 маусымға дейін жалғасатын болады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии