Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Мамандандырылған ХҚКО неге сынып қалды – ІІМ жауап берді

1 шілдеде көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, жүргізуші куәліктерін беру бойынша барлығы 3620 өтінім келіп түсті.

Фото : Lada.kz3 июля 2019, 09:13

Қазақстанда ХҚКО, Полиция департаменттері және құжаттар мен мемлекеттік нөмірлерді өндіруші арасында өзара дерек алмасатын ақпараттық арнада техникалық ақаулар туындады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап отандық компания әзірлеген көлікті тіркеу/қайта тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша бағдарламалық веб-модуль пайдалануға берілді.

Модульде сканерленген құжаттардың көшірмелерін (көлікті тіркеу туралы куәлік, жүргізуші куәлігі және т. б.) қарау және тексеру үшін қашықтан кіру мүмкіндігі берілген, ол полицияға мәліметтерді тексеруге, өнімді дайындауға өтінімді келісуге және жіберуге мүмкіндік береді.

Жүйені іске қосу барысында ХҚКО, ПД және құжаттар мен мемлекеттік нөмірлерді өндіруші арасында мәліметтермен өзара алмасу бойынша арнаның ақпараттық маршрутымен техникалық ақаулар туындады.

Мамандандырылған ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсетуді қиындатқан кемшіліктер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен және аумақтық полиция департаменттерімен, сондай-ақ "Alma-tech" ЖШС мамандарымен бірлесіп жойылды.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеде көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, сондай-ақ жүргізуші куәліктерін беру бойынша барлығы 3620 өтінім келіп түсті.

Көлік құралдарын тіркеу туралы 3022 куәлік және 598 жүргізуші куәлігі берілді. Қалған өтінімдер бойынша көлікті тіркеу бөлігінде дәлелдемелерімен бас тартулар берілді, оның ішінде шектеулердің болуына байланысты, – делінеді ресми ақпаратта.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии