Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Базарда ер адам әйелді жұдырығымен бір қойып, талдырып тастады

Зардап шегуші әйел түкке түсінбеген күйі есеңгіреп, бетін жауып қала береді.

Фото : YouTube25 июля 2019, 15:36

Әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы "Дина" базарының бейнебақылау камерасына түскен бейнежазба тарауда, деп хабарлайды azh.kz-ге сілтеме жасап Zakon.kz. Онда зіңгіттей ер адам өтіп бара жатып, бір әйелдің бетінен аямай жұдырығымен бір қояды, одан кейін көңілді күйде секіріп қойып, ары қарай кете береді.

Ал зардап шегуші әйел түкке түсінбеген күйі есеңгіреп, бетін жауып қала береді.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынған.

Полициядағылар сот-медициналық сараптама қорытындысы қолға тигеннен кейін қозғалған іс 106, 107 немесе 108 бапқа, яғни "Қасақана ауыр, орташа, жеңіл дене жарақатын келтіру" бабына ауысуы мүмкін екенін де ескертті.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии