Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ғабидолла кім: желіде біреу оны мақтап, біреу даттап жатыр

Оның бір парасы жағымды болса, тағы бір парасы жағымсыз.

Фото : Коллаж Tengrinews.kz31 июля 2019, 10:33

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметінен кетуіне қатысты әлеуметтік желіде жазбалар әлі жарияланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның бір парасы жағымды болса, тағы бір парасы жағымсыз.

Әкімге айтылған ауыр сөз

"Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Халық Абдуллаев және СПИД шуына байланысты қызметінен кеткен бұрынғы облыс әкімі Болат Жылқышиев Елбасыдан сөз есітіп, қызметінен қоштасқан еді. Өз алдына отау құрған Шымкенттің де әкімінің басында осындай жағдай орын алды. Оған да саясатта салмағы бар үлкен тұлға ауыр сөз айтты.

"Ғабидолла Әбдірахымов ел билігі тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Өкіншке қарай, ол соны жеткілікті түрде түсіне алмады. .. ...Ондай әрекет мемлекет басшысы қойып отырған талаптарға сай келмейді және биліктің беделін төмендетеді. ҚАЗІР ӘБДІРАХЫМОВҚА ДЕГЕН СЕНІМ ЖОҒАЛДЫ"- деді Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев.
Сондықтан "ойнақтаған тай от басар" деген. Бұл әкімнің алдағы тағдыры не болатыны түсініксіз. Лондонға барса да "бір елі аузыңа, екі елі қақпақ қой" деген бабалар өсиетін әр шенеунік ескеріп жүретін шығар", деп жазды Facebook-тегі жазбасында Балтабек Түйетаев.

"Дат тақсыр, құлдан да бір сұрау" деуші ме еді...

"... Ғабидолла Әбдірахимов өзге саланы қайдам, экономикалық салада жақсы команда жасақтай алды. Шымқалаға Ғабидолламен бірге келген Рашид Аюповтың Түркістан қаласына әкім болуы соның дәлелі болса керек... Әрине жаңа әкім Е.Айтахановтың өз жоспарлары бар шығар. Дегенмен сабақтастық дегенді ұмытпауымыз керек. Ғ.Әбдірахимовтың командасының біраз жоспары бар еді. Кейбірі ақырындап жүзеге асса, кейбіріне шетелдік инвестиция тартыла бастағанынан хабарымыз бар.

Мәселен, қай бір күні ғана Әбдірахымов Ұлыбританияның Лондон қаласында Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) штаб-пәтерінде келіссөздер жүргізіп, құны 100 млн АҚШ долларын құрайтын инвестиция әкеле жатыр деп естідік.
Сол сапарында Шымқалада Британдық бір университеттің қатысуымен IT саласы мен сәулет және дизайн, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі менеджменті, сондай-ақ экономикаға қажетті мамандықтар бойынша білім беретін ЖОО ашу туралы келссөздер жүргізіліпті. Олай болса, сонша ақшаның желге ұшпауын ойлау керек. Ол сіз бен біздің ақшамыз..

Сабақтастық үзілмеу үшін не істеу керек? Осы қаланың азаматы ретінде мен президент Қ.Тоқаевтан қала басшылығына Ғ.Әбдірахимовпен бірге келген Данат Жуминді орнынан қозғамауды сұрар едім. Республикада алғаш болып, өзіне қарасты басқармаларды ашық жұмыс режіміне көшірген Данат Жуминнің қала экономикасын өркендету бағытындағы жоспарлары да құптарлық (Оны Данаттың лентасынан оқуға болады). Қала әкімінің орынбасары Д.Жуминмен биыл "Шымкент адалдық алаңы" жобасында жиі кездесіп тұрдық. Білім-білігіне қоса, өте кішіпейіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатынын байқадық. Шымкентті шын мәніндегі жемқорлықтан таза қалаға айналдыру бағытында үлкен жұмыстар атқарды. Сол жұмыстар үзіліп қалмаса екен деймін", - деп жазды Facebook-тегі шымкенттік журналист Өмір Шыныбекұлы.

Зың әкім "ағылшынша" зың деген!

Ғабидолла Әбдірахымовтың Лондонда жүргенде қасында біреуі барын аңғарып қойып, мұны жұртшылыққа хабардар еткен Гүлбану Әбенова желіде Зәуре Мырзахожаеваның мына бір жазбасымен бөліскен екен.

"Бір жергілікті телеарна қала әкімдігінің активі жиналысын түсіріп, басқаларымен бөліспей жатыр дейді. Соған қарағанда зың әкімді жерден алып, жерге салған Көшербаевтың сөзі халыққа жетпей қалып, Әбдірахымов судан таза, сүттен ақ боп шықса деп тілейтін секілді. Қырымбек Көшербаев бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің құрамымен жиналыс өткізді. Айтқандай, оған Ғабидолланың өзі келмей қалыпты. Так что, зың әкім ағылшынша зың деген (Ғабидолла Әбдірахымов "Зың-зың" деп хайп жасап, жастар арасында кеңінен танылған)", делінген жазбада ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысының сол жиындағы айтқан сөзі де сол қапында келтіріледі.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии