Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Оң рөлді автокөліктер қолдан-қолға өтіп, құрып барады

Қазақстанда ең көп кездесетін оң рөлді көлік моделі Mitsubishi Pajero (9 917 дана).

Фото : youtube.com / Nastya Tyman6 августа 2019, 10:45

Қазақстанда қазіргі күні 142 мыңнан астам оң рөлді автокөлік тіркелген, бұл елдегі автопарк үлесінің 4 пайызынан да төмен, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстандық автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап.

2007 жылы елде 230 мың оң рөлді көлік тіркелген болатын. Ол көліктердің барлығы дерлік (97,7%) 20 жылдан асқан.

Ең қызығы, оң рөлді автокөліктердің көпшілігі Алматыда (44 334 дана), Алматы облысында (42 839 дана) және ШҚО-да (22 030 дана) тіркелген. Батыс Қазақстанда небәрі 391 дана оң рөлді автокөлік тіркелген екен.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының дерегінше, Қазақстанда жүрген оң рөлді автокөліктердің маркасы бойынша үлесі мынадай:

Toyota (64 мың) оң рөлді көліктердің 45.5 %

Mitsubishi (30.5 мың) 21.5 %

Nissan (18.1 мың)

Honda (15 мың)

Subaru (8.3 мың).

Ал нақты модельдерін атағанда, Қазақстанда ең көп кездесетін оң рөлді көлік моделі Mitsubishi Pajero (9 917 дана), Mitsubishi Delica (9 661 дана) және Nissan Cefiro (7 876 дана).

Ондыққа сондай-ақ Honda CR-V (6 640 дана) және Toyota Hilux Surf (6 117 дана) кіріп отыр.

Сонымен қатар, Қазақстанда қазір 5 541 дана Toyota Mark II седаны мен универсалы, 5 245 дана Toyota RAV4 кроссовері, 5 217 дана TLC Prado джипі, 4 988 дана Subaru Legacy мен 4 975 дана Honda Odyssey минивэні тіркелген.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии