Горячие новости
Читайте также

Қырғыздың қашқын экс-президенті Бакиев туған күнін тойлатып отыр

Бакиев 70-ке толыпты.

Фото : dic.academic.ru7 августа 2019, 14:54

Желіде Қырғызстанның бұрынғы президенті, қазір отбасымен Минскіде тұратын Құрманбек Бакиевтің тойында түсірілген видео жүр, деп хабарлайды Zakon.kz barometr.kg-ге сілтеме жасап.

Бакиевтің туған күнін тойлату сияқты. Экс-президентті құттықтауға өзбектің "Ялла" тобы келген екен.

Бакиев 1 тамызда 70 жасқа толды. Соған орай NewTV және NurTV телеарналары Бакиев туралы деректі фильм көрсеткен болатын. Алайда бұл фильм халықтың ашуын туғызып, келесі күні екі телеарнаның директорлары "әңгімелесу үшін" Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шақырылған болатын.

6 тамызда Бакиевпен Беларусь президенті Александр Лукашенко кездесіп, 70 жасымен құттықтаған. Сыйлыққа "Бүркітпен аңға шыққан көшпенділер" картинасын берген еді.

Құрманбек Бакиев 2005-2010 жылдары Қырғызстанның президенті болған. Сәуір оқиғасынан кейін елден қашып, Минсктен пана тапқан. Кейін Бакиев өз елінде сыртынан 28 жылға сотталды. 2010 жылдың 7 сәуірінде "Ақ үйді" басып алу кезінде 90-ға жуық адам қаза болды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии