Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Оралдық келіншек екі айда екі рет босанып, дүниеге егіз әкелді

Мұндай бұрын-соңды Қазақстанда болмаған.

Фото : pixabay.com19 августа 2019, 14:12

Оралдық Лилия Коновалова екі жарым айда екі рет босанып, біріншісінде қыз, екіншісінде ұл баланы өмірге әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер оның қос құрсағы болғанын айтады. Мұндай бұрын-соңды Қазақстанда болмаған.

Ағылшын гинекологтарының дерегінше, соңғы жарты ғасырда күллі әлемде осындай 70 жағдай тіркеліпті. Лилия алғашқы нәрестесін 24 мамырда мерзімінен бұрын босанған. Өйткені 25 апталық шарананың салмағы 850 грамм болған, әрі тыныс алу жүйесі дамымағасын, арнайы инкубаторға салыпты.

Араға екі жарым ай салып қайта босанған келіншек ең бастысы сәбилерінің сау болғанына қуанып отыр.

Лилия Коновалова, Орал қаласының тұрғыны:

Қос құрсағым барын білгенде қатты дағдардым. Іштегі шарананың жағдайы не болады деп қиналдым. Жүктілік кезеңі ауыр өтті. Балалар тірі қалады деу қиын болды. Қазір бәрі артта қалды. Өзімді бақыттымын деп санаймын.

Дәрігерлер бөбектерді аман алып қалу үшін барын салған. Нәрестелерге Лия және Максим деген есім берілді. Олар жақында перзентханадан шығарылады. Ал Лилияның егізінен басқа жеті жасар қызы бар.

Есет Ералин, БҚО перинаталдық орталығы директорының орынбасары:

Бұл - өте сирек кездесетін жағдай. Біздің дәрігерлер екі баланы да аман алып қалды. Қазір жағдайлары жақсы, қажетті салмақты жинады. Мұндай Қазақстанда бұрын-соңды болған жоқ. Статистикаға сай, мұндай оқиға 50 миллионға шаққанда бір рет қана сәтті аяқталады екен.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии