Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Әуежайда премьер-министрдің қырсық әйелі нанды лақтырып, шу шығарды

Бұл дөрекі жайтты зерттеп кеткен Ynet басылымы саясаткер отбасының мәселесі Израиль әуежайында басталғанын түсіндіріпті. Журналистердің айтуынша, Сара Нетаньяху ұшаққа отырған кезде-ақ ашулы болған.

Фото : видеодан алынды19 августа 2019, 15:23

Израиль премьер-министрі Биньяминнің әйелі Сара Нетаньяху Киевке ұшып шыққан ұшақтың ішінде-ақ шу шығарған. Ал Украинаның әуе-жайында өздеріне кертіліп ұсынылған нан қиқымын ол аузына апармай, жерге тастай салған, - деп хабарлайды Zakon.kz "Известия" басылымына сілтеме жасап.

"Мако" жөйт басылымы жариялаған видеодан байқағанымыздай, шетелдік қонақтарды украин ұлттық киімін киген сұлу қыздар қарсы алады. Ұлттық дәстүрмен дәм тату үшін оларға нан мен тұз ұсынылған. Мұндай дәстүрмен бұрыннан таныс премьер-министр Беньямин Нетаньяху нанның шетін кертіп, оны тұзға батырып, алдымен өзі жейді. Одан кейін оның бір бөлігін қасындағы әйеліне береді. Бірақ ол оны ауызға салудың орнына, жерге лақтыра салып, қос алақанын қағады.

Бұл дөрекі жайтты зерттеп кеткен Ynet басылымы саясаткер отбасының мәселесі Израиль әуежайында басталғанын түсіндіріпті. Журналистердің айтуынша, Сара Нетаньяху ұшаққа отырған кезде-ақ ашулы болған.

Ол өзін ұшақ командирі дұрыс қарсы алмады деп сөккен. Осыдан кейін экипаж басшысы премьер-министрдің кабинасына жеке байланысқа шығып, оған құрмет білдіруге мәжбүр болған. "Біз үкімет басшысы мен оның әйелі Сара Нетаньяху ханымға сәт-сапар тілейміз", - деді командир.

Бұл - Бендьямин Нетаньяхудың Киевке соңғы 20 жылдағы алғашқы сапары. Ол 19 тамызда таңертең Марин сарайында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен еді. Израиль премьер-министрінің айтуынша, олар "қос мемлекеттің қарым-қатынасын одан әрі нығайтатын", атап айтқанда, еркін сауда аймағын және зейнетақы келісімін жасауға қатысты бірқатар мәселелерді талқылауды жоспарлаған.

Сондай-ақ саясаткерлер 1941 жылғы Баба Ярь трагедиясының құрбандарын еске алады. Ол кезде барлығы 100 мыңнан астам адам жазықсыз атылды.

Мемлекеттік сапар 18-20 тамызға жоспарланған, яғни Израильдағы сайлауға бір ай қалғанда. Нетаньяху бұрынғы КСРО-дан келген иммигрант қауымдастықтарға қолдау көрсетуге тырысады.

Оқи отырыңыз: 18 жастағы алматылық бойжеткенді өгей әкесі жылдар бойы зорлаған

Тағы да: "Түк масқара емес...". Айжан Нұрмағамбетова Қайрат Нұртасты әбден мақтады


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии