Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дэвид Хэйл 2018 жылы қаңтарда Вашингтонда өткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Фото : Ақорда22 августа 2019, 09:51

Мемлекет басшысы "С5+1" форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуге қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған формат экономика, экология және қауіпсіздік салалары бойынша Орталық Азиядағы бес ел мен АҚШ арасындағы көпжақты өзара ықпалдастықтың тетігі саналады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту, терроризмге қарсы іс-қимылдар, сондай-ақ Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті екі мемлекет басшылары арасындағы тікелей телефон байланысы туралы келісімге қол қоюға мүмкіндік бергені үшін Америка тарапына ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дэвид Хэйл 2018 жылы қаңтарда Вашингтонда өткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Америкалық дипломат Қазақстандағы саяси өзгерістерді, соның ішінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын және демократиялық үдерістерді нығайту жөніндегі Қазақстан Президентінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін қолдайтынын атап өтіп, оларды іске асыру үшін көмектесуге дайын екенін айтты.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии