Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тараздың прокуроры жаңадан тағайындалды

Ол осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры болған.

Фото : otyrar.kz9 сентября 2019, 15:49

ҚР Бас прокурорының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 156/6 бұйрығымен әділет кеңесшісі Жамбыл Сырлыбекұлы Сматов Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Жамбыл Сматов 1985 жылы 26 шілдеде туған. Прокуратурада 2008 жылдан бері жұмыс істейді.

Бұған дейін ол Жамбыл ауданы және Тараз қаласы прокурорларының көмекшісі, Бас прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саланы қадағалау департаменті бөлімінің прокуроры, Ақмола облысы Целиноград ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

2017 жылдың қазан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры болған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии