Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тараз – шеберлер орталығына айналады

Жалпы, бұл жұмыстар рухани жаңыру құндылықтарын ескеруді керек етеді.

Фото : -9 сентября 2019, 20:36

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен облыс орталығында бой көтеріп келе жатқан "Шахристан" этно-мәдени орталығының құрылысының барысы пысықталды. Бұл этно-мәдени орталықта орын алатын бірнеше нысандар басқармалар мен қала әкімдігіне бөлініп берілген. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ендігі мақсат – орталықта орналасатын бірнеше нысандарды өздерінің қолданысына қарай безендіру жұмыстарын бастау. Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев дәл бүгінгі күнге дейін қандай жұмыстардың атқарылғандығын баяндап берді. Сондай-ақ, облыстық музейдің директоры Сейітжан Ілияс, облыстық туризм басқарасының басшысы Қарлығаш Арпалбеков өз жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, болашақта халық игілігіне жұмыс жасайтын орталықта қандай қызметкерлер қандай бағытта жұмыс жасайды? Олардың ғылыми, рухани, мәдени және әдеби әлеуеті қандай болу керек? Штаттық бірлік бойынша Асқар Исабекұлына облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев таныстырып өтті. Ұсынылған жобалар және өзге де безендіру шаралары бойынша облыс әкімі Асқар Мырзахметов өз ойын да айтты.

- Жалпы, бұл жұмыстар рухани жаңыру құндылықтарын ескеруді керек етеді. Бой көтерген ғимараттың өзі, әр қабатта орын алатын тақырыптық бөлмелер безендірілуімен үндесуі де қажет. Сондай-ақ, осы дизайнерлік белсенділікте жаңа технологияларды игерген компаниялармен бірлесе жұмыс жасау шарт. Әрине, бір ғана Таразда ондай әлеуеті жоғары компаниялар жоқ болса, өзге қалалардан да шақыру керек. Орталықта орын алатын әр тақырыптық нысандарда мысалы, Шерхан Мұртаза орталығында ол кісінің сөздері жазылып, тәрбиелік, өнегелік ой толғамдары да орын алуы керек. Сонымен қатар, кешегі Күлтегін, Баласағұн, Қағандардың өнегелі сөздері де айшықталатын болады. Біз осы орталық арқылы Тараздың әлеуетін әлемге танытуды мақсат етуіміз керек. Сондықтан, безендіру жұмыстарының жан-жақтылығы, үндестігі, заманауилығы қатаң ескерілетін болады, - деді облыс әкімі.

Облыс әкіміне Көрме залының жобасын ұсынған туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Әмірқызының айтуынша келешекте мұнда туризм нысандарына картасы, онлайн қолжетімділігі де ұйымдастырылады екен. Сондай-ақ, бүгінгі күннің өзінде тараздық 23 шебердің 1118 бұйымы (сувенир) қойылады екен осы көрме залына. Олар сатылымға да шығады. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлер үш азаматты тұрақы жұмыспен қамтуды да көздеп отыр.

- Біз Таразға өзге де қалалардың ұста, шеберлерін шақырып, олардың бұйымдарын көрмеге қоюымыз керек. Көрші жатқан облыс орталықтарында мұндай ортаьық әзірге жоқ. Сондықтан, олардың яғни ұста-шеберлердің әлеуетін пайдалана отырып, туризмнің бір тетігін дамытуға ықпал етуіміз керек. Жалпы, этно-мәдни орталықтың жұмысын жүйелі жүргізу үшін орталықтандырылған жүйені енгізу керек. Париж – сән орталығына айналған қала. Біз Таразды – ұста-шеберлердің шеберханасына, орталығына айналдыруымызға мол мүмкіндігіміз бар. Амандық болса осындағы "Көрме" залында Жамбыл облысының 80 жылдығын атап өтетін брламыз - деді облыс әкімі.

Шахристан этно-мәдени орталығының құрылысы, безендіру шаралары бойынша жұмыс тобы алдағы аптада тағы да бас қосатын болды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии