Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Нұрғали Нүсіпжанов жас келіншегімен ел алдына шықты

Бұл видео өнерлі жұптың ресми бас қосқаннан соңғы екі күннен кейін, 28 тамызда желіде пайда болған, сондықтан бұл ерлі-зайыптылардың бал айы болуы да мүмкін деген болжам бар.

Фото : видеодан алынды10 сентября 2019, 16:13

Әлеуметтік желіде елді шулатып, жастай әйел алған Қазақстанның халық әртісі, 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл видео өнерлі жұптың ресми бас қосқаннан соңғы екі күннен кейін, 28 тамызда желіде пайда болған, сондықтан бұл ерлі-зайыптылардың бал айы болуы да мүмкін деген болжам бар.

Дегенмен ел топшылап, қос жұптың бал айын өткізіп жатыр деген жері анау алыс Жерорта теңізі де емес, тіпті Қапшағай да, Каспий теңізі де болмай шықты. Видеодан байқанымыздай, ерлі-зайыптылар Талдықорған маңындағы бір санаторийге аялдаған секілді.

Оқи отырыңыз: 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов 37 жастағы әйелге үйленді

Олар санаторийде демалып қана қоймай, халық алдына шығып өнер көрсеткен. Нүсіпжановтың жас келіншегі оны халыққа таныстырса, әнші әдеттігідей өз әнін шырқады.

Видеода әншінінің жас әйелі – 37 жастағы тележүргізуші Жадыра Сейдеш санаторийде емделіп жатқандардың барлығына мықты денсаулық тілеп, өзінің жұбайының барлық атақ-даңқын тізіп шығады. Ел алдына шыққан Нұрғали Нүсіпжанов: "Мынандай таныстырудан кейін кете берсем де болатын шығар" деп қалжыңдайды.

Ол өз өнерін тамашалауға жиналған көп алдында бірнеше ән орындады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии