Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Винокуров Бельгия түрмесінде 6 ай отыруы мүмкін

Ол осыдан тоғыз жыл бұрын жалған жеңіске жетті деп айыпталуда.

Фото : instagram11 сентября 2019, 12:12

Қазақстандық бұрынғы кәсіпқой велошабандоз Александр Винокуров пен оның ресейлік әріптесі Александр Колобнев алты айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости hln.be сайтына сілтеме жасап.

Спортшылар сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталуда, нақтырақ айтсақ, жарыстардың бірінде жарыс нәтижесін астыртын келісіммен жүзеге асырған. Бүгін Бельгия прокурорлары велосипедшілерді алты айға бас бостандығынан айыруды талап етті. Сонымен қатар, прокурорлар Винокуровқа 100 мың евро және ресейлік Колобневке 50 мың еуро айыппұл салу, сондай-ақ оның банктік шотынан 150 мың евроны тәркілеу қажет деп санайды.

Бельгиядағы Льеждің судьясы үкімді 8 қазанда жариялайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Винокуровтың 2010 жылы Льеж-Бастонь-Льеж монументалды классикалық жарысының финалында өзінен жеңіліп қалуы үшін Колобневке 150 мың евро төлегенін хабарлаған. Бұған дейін екеуі де шарттасып жарысқанын бірнеше рет жоққа шығарған.

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Винокуров қазір "Астана" велокомандасының бас менеджері. Бірер күн бұрын спортшы өзінің Инстаграмдағы парақшасында Ниццадағы Ironman 70.3 жарысында өз жас санаты бойынша әлем чемпионы атанғанын хабарлаған болатын.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии