Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

"Терезеден секірген". Алматыда қазақ мектебінде оқыс оқиға орын алды

Балалардың айтуынша, бала сыныпта жалғыз қалған. Мұғалім тексеріп, кабинетке бас сұққанда, ол партаның астына тығылып қалыпты. Ешкім жоқ деп ойлаған мұғалім кабинетті сыртынан бекітіп кете берген. Ал сыныпта жалғыз бала қорқып, терезеден секірген.

Фото : kz.polomap.com11 сентября 2019, 14:21

Алматыдағы мектептердің бірінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде өзін көрсетіп, атын атамаған белгісіз жанның мәліметі жарияланды. Ол Алматыдағы №80 қазақ мектебінде бірінші сынып оқушысының терезеден құлағанын айтқан. Ал ол баланы байқамай қазақ тілі мұғалімі кабинетке қамап кетіпті.

Балалардың айтуынша, бала сыныпта жалғыз қалған. Мұғалім тексеріп, кабинетке бас сұққанда, ол партаның астына тығылып қалыпты. Ешкім жоқ деп ойлаған мұғалім кабинетті сыртынан бекітіп кете берген. Ал сыныпта жалғыз бала қорқып, терезеден секірген.

Жарақаттанған баланы жоғары сынып оқушылары тауып алыпты. Қазір бүлдіршін түрлі дене жарақаттары және сынықпен ауруханада жатыр.

Редакция қалалық денсаулық сақтау басқармасына және мектеп әкімшілігіне бұл оқиғаға қатысты толыққанды мәлімет беруді сұрап, сауал жолдады. Әзірге жауап әлі берілген жоқ.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии