Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Шумахер есін жиды

Даңқты шабандозды ары қарай емдеумен жасушалық медицина саласындағы жаңалықтарымен танымал болған профессор Филипп Менаше айналысады.

Фото : imago spoerfotodentist, globallookpress11 сентября 2019, 16:41

"Формула-1" жарысының әйгілі шабандозы, әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер есін жиып, Париждегі Жордж Помпиду атындағы клиникада емделуде.

Аурухана қабырғаларын журналистер аңдумен жүр, бірақ дәрігерлер Шумахердің денсаулығы және оны емдеу жоспарлары туралы ешқандай мәлімет бермей отыр. Белгілісі, чемпионның денсаулығымен жасуша терапиясының пионері атанған профессор Филипп Менаше айналысады, деп хабарлайды LeParisien басылымы.

Неміс шабандозы Михаэль Шумахер 2013 жылдың 29 желтоқсанынан бастап төсекте жатыр. Ол Австрияның Альпі тауында шаңғы тебу кезінде жарақат алып, артынан комаға түскен болатын. Оқиға Мерибель тау курортында болды, онда спортшы ұлы мен достарымен бірге демалысқа барған.

Ауруханада жатқан жылдары оның денсаулығы ара-тұра жақсарып келген. Шабандоздың жанкүйерлері дәрігерлердің бақылауымен оның толық сауығып кететініне үміттенеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии