Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жетпеген кітапты ата-ана сатып алуы тиіс - қалалық білім басқармасы

Балалардың кейбіріне кітап жетпеуі мүмкін. Оны ата-аналар өздері сатып алуы керек. Бір жағынан, олардың да жауапкершілігі болуы тиіс. 1-2 кітап сатып алса, ештеңе етпейді - басқарма басшысы.

Фото : kazgazeta.kz11 сентября 2019, 18:03

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова мектеп оқулықтарының тапшылығына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Оқулықтар есептелген контингентке сатылып алынады. Алматыда 244 мың оқушы бар. Биыл оқушылар саны тағы 17 мыңға артты. Біз мұны алдын ала жоспарлай алмаймыз. Яғни, балалардың кейбіріне жетпеуі мүмкін. Онда ата-аналар өздері сатып алуы керек. Бір жағынан олардың да жауапкершілігі болуы тиіс. 1-2 кітап сатып алса, ештеңе етпейді",- деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, жылда Алматыдағы оқушылар саны 10 пайызға артады деген болжаммен есеп жүргізіледі. Биылдың өзінде оқушылардың саны 261 013 жетті. Тағы да 30 мыңға жуық оқушы орны тапшы болып отыр.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии