Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматы облысы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары ауысты

Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Фото : Inbusiness.kz12 сентября 2019, 14:36

Алматы облысы әкімінің өкімімен Батыржан Құлаймергенұлы Байжұманов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Батыржан Құлаймергенұлы Байжұманов 1976 жылы туған.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – ғалым агроном, мемлекеттік басқару менеджері. 2008 жылы "Децентрализация" бағдарламасы арқылы Дьюка университетінде (АҚШ) білім алды.

Еңбек жолын 1999 жылы бастап, Алматы қаласындағы бизнес құрылымдарында жұмыс істеді.

Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, сол сияқты ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аға маманы, сарапшысы, ҚР Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы, мемлекеттік инспекторы, "КазАгроИнновация" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың сәуір айынан – Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии