Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында жүріп, Үкіметке бірқатар тапсырма берді

Жиында осы және ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүше болғандықтан, ұлттық тауар өндірушілердің, жергілікті халықтың мүддесін қорғау мәселесін көтерген Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырмалар беріп, әртүрлі міндеттер жүктеді.

Фото : Ақорда17 сентября 2019, 17:35

Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлда Ауылды және агроөнеркәсіптік кешендерді дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түрлі бағыттағы ет кластерлерін дамыту қажет. Атап айтқанда, қой шаруашылығын, сүт өндіруді және құс шаруашылығын өркендетуге тиіспіз. Сүт өнімі мен құс етін өндіруді екі есе арттырсақ, бүгін біз импорттап отырған қосымша 500 млн доллардың өнімін алуға болады" деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Одан бөлек Тоқаев жиында ауыл халқы үшін малдың жем-шөбінің қымбаттығы мәселесін де көтеріп, бұл мәселені Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып шешуді тапсырды.

"Үкімет әкімдермен қымбат жем-шөп мәселесін шешуі керек. Бұл - кәсіпкерлерге тұсау болып отырған басты фактор. Бүгінгі жемнің құны мал бағушы шығынының 3/1 бөлігін құрайды", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ Президент ауылдың инфрақұрылымдары мәселесіне де тоқталды.

"Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек", - деді ол.

Жиында осы және ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүше болғандықтан, ұлттық тауар өндірушілердің, жергілікті халықтың мүддесін қорғау мәселесін көтерген Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырмалар беріп, әртүрлі міндеттер жүктеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии