Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматыда 14 млн теңге ақшасы бар 240 ойын терминалы тәркіленді

Күдіктілер үлкен екі ойын мекемесін, 60-тан астам ойын пункттерін ұстаған, оның ішінде ойын терминалдары орнатылған дүкендер, автожуу кешені, компьютерлік клубтар, базарлар, сондай-ақ ойын терминалдарын жасау және жөндеу шеберханасына бейімделген қоймалар да бар.

Фото : видеодан алынды9 октября 2019, 12:26

Экономикалық тергеу департаментінің Алматы қаласы бойынша қызметкерлері заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған алты адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер үлкен екі ойын мекемесін, 60-тан астам ойын пункттерін ұстаған, оның ішінде ойын терминалдары орнатылған дүкендер, автожуу кешені, компьютерлік клубтар, базарлар, сондай-ақ ойын терминалдарын жасау және жөндеу шеберханасына бейімделген қоймалар да бар.

Тексеру кезінде 240 ойын-сауық терминалдары, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне арналған басқа да компьютерлік құрылғылар табылып, тәркіленді.

Ойын терминалдарын тінту кезінде жалпы сомасы 14 миллион теңгеден астам ақша табылып, тәркіленді.

"Күдіктілердің әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы, 3-бөлігі, 1,2-тармақтары, 1-тармағы (Қылмыстық топтың аса ірі көлемде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру), ҚР Қылмыстық кодексінің 262 бабы,1,2-тармақтары (Ұйымдасқан топты құру, басшылық ету, қылмыстық ұйым құру, сондай-ақ оларға қатысу); ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 1-бөлігі (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе басқа мүлікті заңдастыру немесе жылыстату) және ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі (Қылмыстық топтың парақорлығы) сынды заң баптарымен бағаланды. Күдікті екі адамға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы, екеуіне қатысты үйде қамауда ұстау, ал қалған екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат тағайындау турасында санкциялар жарияланды", - делінген хабарламада.

Биылғы жылдың 30 қыркүйегінде сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталып, қылмыстық істерді қарау үшін сотқа жолданды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии