Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Шығыс Қазақстанда қарттар үйі өртеніп, үлкен кісілер далада қалды

Алайда пансионатқа өте үлкен шығын келген екен. Қазіргі уақытта пансионатта тұрып жатқан қарттар далада қалған.

Фото : Хабар 249 октября 2019, 14:37

ШҚО-ның аудандарының бірінде қарттар үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өрт Алтай ауданына қарасты Парыгино ауылындағы "Лад" коммерциялық емес қайырымдылық мекемесінің ғимаратында болды. Жалын әуел баста моншада тұтанып, кейін жанындағы пансионаттың ғимаратына ауысқан. Пансионат қызметкері моншадағы түтінді байқап қалып, өрт сөндіру қызметін шақыртады.

Өрт сөндірушілер пансионат қызметкерлерімен бірге 18 зейнеткерді қауіпсіз жерге көшірген. Өрттің жалпы аумағы 302 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ.

Алайда пансионатқа өте үлкен шығын келген екен. Қазіргі уақытта пансионатта тұрып жатқан қарттар далада қалған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии