Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Халыққа зейнетақысын шешіп алу құқығын беру мәселесі әлі қаралуда

Бұл әрбір азаматтың зейнетақы жинағының сомасына байланысты болды.

Фото : zakon.kz9 октября 2019, 14:54

ҚР Парламенті Мәжілісінде вице-премьер Бердібек Сапарбаев қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып, пайдалану құқығын беру мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қазір арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес, біз бәрін қарастырып, содан кейін өз ұсыныстарымызды береміз. Мен бұл мәселе жайында бірнеше рет айттым. Мұның бәрі әрбір қазақстандықтың зейнетақы жинағына байланысты болады, - деді ол.

Вице-премьер түсіндіргендей, бұл ұсынысты қарастыру кезіндегі маңызды тұстардың бірі өмір сүру ұзақтығын ескеру.

- Әрбір азаматтың зейнет жасында неше жыл өмір сүретінін нақтылап, есептеу керек. Яғни, сол мерзімге оған зейнетақы жинағы жеткілікті бола ма, соны ескеру қажет, - деді Сапарбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, жыл соңына дейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шешіп алу тетіктерін әзірлеуі тиіс.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии