Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ашулы мексикалықтар өтірікші әкімді көлікке байлап сүйреді

Ол жергілікті халыққа "жол салып беремін" деп уәдені үйіп-төккенмен, оны орындамаған.

Фото : видеодан алынды9 октября 2019, 15:04

Мексикада Чьяпас штаты Лас Маргаритас ауданының басшысы Хорхе Эскандонды халық жол талғамайтын көліктің үстіне байлап, көшемен алып жүріп өткен, деп хабарлайды Life.ru El Universal газетіне сілтеме жасап.

Тіпті, әкімшіліктегілердің өзі Эскандонның жұмысына көңілі толмаған. Ол жергілікті халыққа "жол салып беремін" деп уәдені үйіп-төккенмен, оны орындамаған. Көпшілік өз өтінішін аяқ-асты етіп, жылдар бойы өтірік уәде беріп келген әкімге қаны қарайып, ақырында оны ел алдында масқаралауды жөн деп шешкен.

Лас Маргаритас аймағындағы полициямен қақтығыс салдарынан кем дегенде 11 адам жараланып, тағы 30 шақты шаруа қамауға алынды. Әкімшілік басшысына сырттан қажетті көмек келді.

Джипке байланған әкім өздігінен қашпақ болып, сүйретіліп қалғанын да видеодан көруге болады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии