Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ауылдың екі адамы құны 9 млн теңгелік сирек балықпен ұсталды

Павлодар өңірінде шамамен 9 млн теңге соммасына сүйрікті заңсыз аулаған браконьерлерді табиғатты қорғау полицейлері ұстады.

Фото : Павлодар облыстық ПД9 октября 2019, 15:31

Павлодар облысында 5 қазаннан бастап "Браконьер" жедел - алдын алу іс-шарасы басталды, оның аясында облыстың барлық аудандарында табиғат қорғау полицейлері рейдтік іс-шаралар өткізуде. Нәтижелер ұзақ күттірген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейд барысында, түнгі сағат 22.09-де Байқоныс ауылына жақын жерде Ертіс өзенінің жайылмасында, ПД ЖПБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері, ЖҚАЖ жауынгерлері Тереңкөл ауданының полицейлерімен бірге 1983 және 1963 жылы туған екі ауыл тұрғынын ұстады. Ауыл тұрғындарының өзенге кеш келуі, әрине, тәртіп сақшыларына күдік тудырды.

УАЗ автокөлігінің салонын тексеру кезінде полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау арсеналын анықтады.

Полиция қызметкерлерімен "НАNGKAI" маркалы моторы бар үрлемелі резеңке қайық, 5 дана балық аулау желісі, үшкір, қармақ, сондай - ақ, Тереңкөл тұрғындарының заңсыз аулаған - 136 дана стерлядь тұқымды балық тәркіленді.

Балықтың салмағы 35 кг-ды құрады - бұл салмақ аса ірі болып саналады. Шығын сомасы 9 млн теңгені құрады. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының аумағында жыл бойы бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынды. Бұл шешім сирек кездесетін балықтардың санын сақтауға және арттыруға бағытталған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 50-ден астам заң бұзушылықты анықтады.

"Браконьер" алдын алу іс-шарасы Павлодар облысының барлық аумағында 05-31 қазан аралығында өткізіледі. Негізгі мақсаты- табиғат қорғау заңнамасын бұзуды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын, экологиялық қылмыстарды ашуды анықтау және жолын кесу.

Полиция қызметкерлері белгіленген заңнама талаптарын бұзғаны үшін тек әкімшілік ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии