Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Трагедия тұр: танымал астролог Зеленский бірдеңеге ұшырайды деді

Ол Украина билігін байқап жүруге шақырды.

Фото : rbk.ru9 октября 2019, 16:25

Украина басшылығына жақын арада өтетін "Норманд төрттігі" кездесуіне байланысты ескерту жасалды. Астролог Влад Росстың айтуынша, Донбасс туралы келіссөздерді 12-18 қазан аралығында жүргізуге болмайды. Әйтпесе, үлкен проблемалар туындауы мүмкін, деп хабарлайды dni.ru.

Қазан айының ортасы – астрологиялық тұрғыдан өте қолайсыз уақыт, дейді Росс.

- 3 қазанда Меркурий Сарышаян жұлдызына кіреді, айдың соңына сонда болады, сондықтан қазан айы келіссөздер үшін ең нашар кезең, - дейді сарапшы.

Ол Украина басшылығына баса-көктеп ұмтылмай, қолайсыз уақыт өтіп кеткенше күте тұруға шақырды. Әйтпесе, өте қайғылы жағдай орын алуы мүмкін екен.

Жағдайды 11-18 қазандағы Венера мен Уранның бір-біріне қарсы тұруы ушықтырады, соның салдарынан ойлаған дүниенің бәрі керісінше болады, деп ескертті астролог. Бұл күндері жанжалдарды,ұрыс-керіс пен төбелес, тіпті қылмыстар күтуге болады, деді Росс.
Сарапшы "Норманд төрттігі" басшыларын келіссөздерді 12 қазанға дейін немесе 18 қазаннан дейін өткізуге шақырды. Сонда ғана нәтиже шығуы мүмкін.

Жалпы, астролог алдағы бір жарым айда жұлдыздар Донбастағы бітімгершілікке бағытталған әрекеттерді қолдайды деп санайды. Бұл аймақтағы көптен күткен бітім жыл соңында келеді, деді ол.

Бірақ шамасы, Украина билігі астрологияға сенбейтін сияқты. Ресми Киев Росстың ескертуіне қарамастан, қазанның ортасында "Норманд төрттігімен" кездесуді жоспарлап отыр. Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко келіссөздерді тезірек өткізуге шақырады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии