Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматы облысы тұрғындары қытайлық жұмысшыларды сабап тастады

Салдарынан ҚХР-дің төрт азаматы әрүрлі дәрежедегі дене жарақатымен облыстың медициналық ауруханаға жеткізілді

Фото : Golos.ua10 октября 2019, 10:34

Алматы облысында жергілікті және қытай жұмысшылары арасында туындаған жанжалдың арты төбелеске ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 7 қазанда Алматы облысының Ақсу ауданында Алматы-Өскемен тас жолын салып жатқан "Citic Construction" ЖШС-ның арасында төрт Қытай азаматы да бар жұмысшылары жанжалдасып, ақыры төбелеске ұласқан. Салдарынан этникалық қазақ (ықтияр хаты бар) болып табылатын Қытай Халық Республикасы азаматтарының бірінің (Қ.Ж.) денсаулығына жеңіл дәрежедегі дене жарақаты келтірілген. Бұған кінәлі КХР азаматтары (Л.З., В.Х., В.П.) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы, 1-тармағы, яғни "Денсаулыққа қасақана жеңіл деңгейде зиян келтіру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

- Келесі күні осыны естіп алып, істің мәнісіне тереңнен үңіліп жатпастан ашуға мінген ауылдың бір топ тұрғыны "Citic Construction" ЖШС-ның құрылыс нысаны алаңында вагонда тұрып жатқан қытай жұмысшылары үстіне баса-көктеп кіріп, оларды өз бетімен "тәртіптеген". Салдарынан ҚХРдің төрт азаматы әрүрлі дәрежедегі дене жарақатымен облыстың медициналық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ведомстводағылар.

Аталған факті бойынша Алматы облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігінде, 107-бабы, 2-бөлігінде және 106-бөлігінің 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

Сонымен қатар, "Citic Construction" ЖШС-ны тексерген құзырлы орган 33 шетелдік жұмысшының ҚР көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтады. Бұл үшін олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы, яғни "Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір оларды елден шығару мәселесі қарастырылуда.

Сонымен бірге шетел азаматтарының Қазақстан территориясына келуін және жүріп-тұруын ұйымдастыратын Алматы облысы мен Алматы қаласында тіркелген шетелдік заңды тұлғаларға қатысты ішкі істер органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы, яғни "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қозғалған бұл қылмыстық істердің тергеу барысын Ішкі істер министрі жеке қадағалауына алды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии