Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіподақ өкілдерін мерекесімен құттықтады

Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!

Фото : Ақорда10 октября 2019, 14:37

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіподақ өкілдерін мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Құрметті кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері! Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіби одақтары күнімен құттықтаймын! Қазіргі Кәсіби одақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жүгерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз отандастарыңыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Біздің еліміздің кәсіподақтары еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетілетін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға ықпал етуде.

Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін. Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!", делінген құттықтауда.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии