Горячие новости
Читайте также

5 сағат кептеліс – Алматы сыртында тұратын халықтың иті шықты

Халық сағаттап тұрып, кептелістің кесірінен кешігіп жүр.

Фото : @pavelpvsko15 октября 2019, 11:34

Алматылық тұрғындар қаладағы көлік кептелісінде бес сағаттап тұратындарын айтып шағымадануда. Бүгінде қала ішімен жарты миллионға жуық тіркеуден өткен көліктер қатынайды. Ал жақын маңдағы елді мекендерден 250-мың машина келеді. Соның әсерінен көліктер жолдар түгілі автотұрақтарға да сыймайтын көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Әсем Лесбек, тілші:

- Кептеліс мәселесі, көлік нөпірі тәулік бойына толастамайтын Алматының негізгі бас ауруына айналып отыр. Бұған себеп мегаполистегі халық пен көліктің көптігі. Мәселен, мына Алтын Орда базарының маңы таңнан кешке дейін көлік қозғалысынан көз ашпайды. Кеш түссе тұрғындар 3-4 сағаттап кептелісте тұрады. Қазір де жұрт жұмыстан шығып, машиналардың жүруінен гөрі тұруы ұзақ болып тұр.

Қала шетінде тұратын Дәуіт Тәңірберген 8-де жұмысқа бару үшін ерте тұратынын айтады. Кетелістің кесірінен отбасын да көрмейтін болған.

Дәуіт Тәңірберген, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жұмысқа баруым үшін таңғы сағыт 4/5 терде тұрамын. Мүмкіншілік жоқ. Жұмысыма бару үшін үш сағат уақыт кетеді. Жолдарды кеңейтсе, үлкен жолдарды ашса, халқымызға мына үлкен мүмкіншілік болар еді.

Ұзын-сонар кептелістерді жою үшін биліктегілер қалаға бірнеше жол айрықтарын салып, қоғамдық көліктердің жолақтарын сызуды шешкен. Алайда көлік саны азаймай отыр.

Жандос Мұраталиев, Алматы қ. ӘПБ басшысы:

- Қазіргі таңда Алматы қаласында 532 мың 959 көлік тіркелген. Күніне қасында орналасқан ауылдардан немесе жақын орналасқан қалалардан күнделікті 200-250 мың көлік кіріп шығады.

Биліктегілер жұрттың жерасты жолы немесе қоғамдық көліктермен қатынауына мейлінше жағдай жасаған. Әрі мегаполистегі республикалық маңызы бар үш көшеге БРТ желісін салған.

Биыл БРТ желісі қаладағы Жандосов көшесінің бойымен салынуы қажет еді. Алайда белгісіз себеппен құрылысы кейінге шегерілді. Тұрғындардың көбі кептелістен қажығандар велосипед пен самокат айдауға көшкен. Дегенмен қала басшысы Қонаев пен Байтұрсынов көшелерінде орналасқан велосипед жолдарын алып тастау туралы шешім шығарды. Алайда тұрғындар мұны түсінбей дал.

Тұрғындардың пікірін автомобиль сарапшысы Эдуард Эдоков та құптап отыр. Оның айтуынша, мегаполисте велосипед жолдарын мейлінше көбейткен жөн. Сонда көліктер аз қатынайды дейді.

Эдуард Эдоков, Қазақстан Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы:

- Әрине велосипед жолдарын дұрыс қолдана білетін адамдарға бұл жолдар керек. Өз басым тек жастарды ғана емес, үлкен әжейлерді де электрлік скутерлерде көріп жүрмін. Бұл жақсы емес пе, уақытыңды үнемдейсің. Бұрынғы қала басшысының "қала жаяу жүретін адамдар үшін емес, тұрғындар үшін" деп айтқаны дұрыс пікір еді.

Дамыған бірқатар елдерде адамдар экологиялық жағдайды жақсартуы үшін велосипедпен жүреді. Эколог Жасұлан Кенжалин қала билігінің осындай жүйеге көшуін сұрайды. Яғни көліктердің қала орталығына кіруіне шектеу қою қажет дейді.

Жасұлан Кенжалин, эколог:

- Бізге жаңа талаптар, жаңа жүйелер енгізу керек. Мысал ретінде, Мәскеудегі бұрынға қала әкімі Лужков мырзаның жүйесін айта аламын. Қалада санаулы көліктер қатынаған. Бұл дегеніміз экологияны сақтап қалады. Ең болмағанда машиналар таза отынға көшуі тиіс.

Сондай-ақ мамандар , қала билігіне әйгілі Токиодан үлгі алуға кеңес беріп отыр. Өйткені онда жұрттың 80 пайызы қоғамдық көлікпен жүреді. Немесе сингапурлық "лицензиялау схемасын" жасаса, қаланың орталық бөлігі ақылы болар еді дейді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии