Горячие новости
Читайте также

Алакөлге жаман су айдаған қонақүйді министрлік сотқа берді

Себебі бұл кәсіпорынның экологиялық рұқсат қағазы болмаған, сондықтан оның көлге ешқандай суды, соның ішінде жаманын да айдауға қақысы жоқ - министрлік.

Фото : Zakon.kz/Максим Золотухин16 октября 2019, 12:35

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев министрліктің Алакөлге жаман су айдаған қонақүйдің қызметін тоқтатуды сұрап, сотқа шағымданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Қазір іс сотта. Біз сотқа жүгіндік, сол өңірдегі министрлік департаменті қонақ үйдің қызметін тоқтата тұру туралы сотқа шағым түсіндірді. Себебі бұл кәсіпорынның экологиялық рұқсат қағазы болмаған, сондықтан оның көлге ешқандай суды, соның ішінде жаманын да айдауға қақысы жоқ еді, - дейді ол.

Министр бұған дейін қонақүй қожайынына айыппұл салынғанын айтты.

- Мұның бәрі әкімшілік кодекспен реттеледі. Иә, салынған айыппұл көлемі аз деп жатқандар бар. Енді бұл ретте айта кетейін, біз қонаүйдің жұмысын тоқтату туралы сотқа шағым түсірдік, - дейді Мырзағалиев.

Бұрын хабарланғандай, осы жазда туристер Алакөлге жаман су айдап жатқан құбырды байқап, оны видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Одан соң Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары бұл жерде болып, зерттеу үшін судың сынамаларын алған. Ол "Almatradegroup" ЖШС-ға тиесілі қонақүйдің бассейінен шығып жатқан су болып шыққан. Қонақүй иесі екі бассейініне заңсыз құбыр орнатып, ондағы суды көлге айдап отырған. Кейін бассейн суын көлге ағызып келген қонақүйге айыппұл салынғаны белгілі болды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии