Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жамбыл облысының әкімі "Қазфосфат" ЖШС-ның 20 жылдығына қатысты

Салтанатты іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Фото : Жамбыл облысының әкімі баспасөз қызметі19 октября 2019, 14:00

Биыл өңірімізде өзіндік елеулі орны бар "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 20 жыл толып отыр. Осы кезеңде серіктестік аяғынан нық тұрып қана қоймай, әлемдік нарықта өз орнын ойып тұрып ала алды.

Қазіргі таңда кәсіпорын 33 мемлекетпен байланыс орнатып, өнімдерін әлемнің түкпір-түкпіріне экспорттауда. Сонымен бірге өңір бюджетінің де қоржынын қомпайтып отырған өнеркәсіп ошағында бүгінде 6 мыңнан астам адам жұмыс істеуде.

Кеше серіктестік "Баласағұн" орталық концерт залында өзінің айтулы мерекесін салтанатты жағдайда атап өтті. Аталған іс-шараға "Қазфосфат" ЖШС-ның ардагерлері мен жұмысшылары, басқа да қонақтар қатысты. Залға кіре беріс фойеде қонақтарды үрлемелі оркестір сазды әуенмен қарсы алып тұрды.

Мерекелік іс-шараның шымылдығы "Mezzo" тобының "Туған жер" әнімен ашылды. Одан кейін салтанатты кешті ашу құрметіне "Қазфосфат" ЖШС-ның бас төрағасы Мақсұтбек Есенов ие болып, ол кәсіпорынның бүгінгі таңда жеткен жетістігін баян етті.

Кәсіпорын қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтау үшін құттықтау сөз облыс әкімі Асқар Мырзахметовке берілді.

- Еліміздің экономикасын арттыруда химия өндірісінің қосып отырған маңыздылығын айтпасада түсінікті. Кəсіпорын көз алдымызда өркендеп, дамуда. Бүгінде республикамыздағы көшбасшы өнеркəсіптің біріне де айналып үлгерді. Серіктестік 20-дан астам фосфор түрін өндіріп, отыздан астам елге өнімін экспорттап отыр. Өңіріміздегі өнім өндіріпотырған өндіріс ошақтарының 20 пайызы табысы осы кәсіпорынға тиесілі. Олар өткен жылы өңір бюджетіне бес миллиардтан астам салық төлеп, өңірдің дамуына үлес қосты. Сонымен бірге мəдениет пен спорт салаларын да дамытуға үлестерін қосып келеді, - дей келіп Асқар Исабекұлы химия саласының мамандарын мерекемен құттықтады.

Осыдан кейін сала үздіктерін ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің "Еңбек ардагері" , облыс әкімінің "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төс белгілерімен және Құрмет грамотасы, "Nur Otan" партиясының облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Сондай-ақ өнеркәсіп ұжымын ҚР Индустиря және инфрақұрылымды дамыту министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Қосайұлы құттықтап, саланың үздіктеріне министрліктің "Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері" төсбелгісін, Құрмет грамоталарын салтанатты жағдайда тапсырды.

Одан кейін сөз алған облыстық кәсіптік одақтар кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихатты депутаты Мейрамбек Төлепберген, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев пен Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев химиктерді төл мерекесімен құттықтап, сала үздіктерін Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен, Тараз қаласы əкімінің Құрмет грамотасымен, Тараз қаласының Құрмет Грамотасымен жəне Алғыс хаттарымен марапаттады.

Ал "Қазфосфат" ЖШС-ның бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров серіктестік қызметкерлерін құттықтап, кәсіпорынның Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын тапсырды. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерін кəсіпорынның бөлім басшылары мен шетелдік қонақтар құттықтады. Салтанатты іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии