Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жамбылдағы денсаулық сақтау саласы дамып келеді

Өңірде денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық емдеу және алдын алу мекемелерінде көрсетілетін қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар қолға алынған.

Фото : Жамбыл облысының әкімі баспасөз қызметі19 октября 2019, 14:41

Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында оң динамика байқалады.

Өңірде денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық емдеу және алдын алу мекемелерінде көрсетілетін қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар қолға алынған.

Соның есебінен ана мен нәресте өлімін төмендету жайы бірте-бірте өз шешімін тауып келеді. Бұл мақсатта облыстық перинаталдық орталық жанынан оқу клиникалық орталығы ашылған.

Ағымдағы жылдың 9 айында мұнда 211 маман оқытылды. Сондай-ақ Жамбыл жоғары медициналық колледжінің симмуляциялық орталығында 212 медицина қызметкерінің білімі жетілдірілді. Мұнан өзге перинаталдық орталықтың материалдық техникалық базасын нығайту жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген.

– Облыстық перинаталдық орталығының базасына 169 миллион 400 мың теңгеге 9 медициналық құрал - жабдық сатып алынды. Перинаталдық скрининг көмегімен туа біткен ақауларды ерте анықтау көрсеткіші 57пайызға артты. Облыстағы босандыру бөлімдеріне 413 миллион 800 мың теңгеге 18 медициналық құрал-жабдық алынды, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар емдеу мекемелерінде маман тапшылығы кезең-кезеңімен шешімін табуда. Жыл басынан бері облысқа 126 жас маман келген екен.

Облыс тарапынан жұмысқа келген 53 жас маманға тиісті жәремақы тағайындалған. Сонымен қатар Жуалы ауданында 4 жас маманға жатақханада орын берілсе, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында 3 жас дәрігер қызметтік пәтерге орналастырылды.

Денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық емдеу және алдын алу мекмелерінің қызмет көрсету сапасын арттыру бағыттарының бірі медицина саласын цифрландыру болып табылады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 4952 медициналық қызметкерінің жұмыс орны компьютермен толық қамтылған.Интернет желісіне 391 емдеу мекеменің 98 пайызы қосылды.

Қалған 9 мекеме жыл соңына дейін қосылатын болады. Ақпараттық жүйеге 1 068 261 электрондық денсаулық паспорты енгізілген. Бүгінгі таңда 233 бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 203-і толығымен сандық форматта медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізілген. "Damu Med" медициналық ақпараттық жүйеcіндегі мобильдік қосымшаға 45 714 адам тіркелген.

Еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселе саналатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шараларына дайындық жұмыстары да өз деңгейінде. Аталған шараларды насихаттау жұмыстарымен 739 284 мың адам қамтылған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыс бойынша 532 739 жұмыс күші анықталып отыр.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии