Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ҚР Мемлекеттік хатшының құзіреті нақтыланды

Мемлекеттік хатшы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар береді делінген құжатта.

Фото : 24.kz21 октября 2019, 14:53

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт 12 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатта ҚР Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен құзіреті нақтыланған.

Сонымен, құжаттың 3-1 тармақшасында былай делінеді: қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік сараптамалық құрылымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үйлестіреді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар береді делінген онда.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді.

2019 жылғы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Көшербаев ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии