Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қырғыз, армян, моңғол, Ресей нөмірлі көліктерге енді айыппұл салынады

Шетелдік көлікпен кімнің жүргені сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады.

Фото : 1gai.ru21 октября 2019, 15:24

Бас прокуратура соңғы екі жыл бойы Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі жобасын жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сілтеме жасап.

Айыппұл салынған уақыттан бастап орындалғанға дейін, барлық шектеулер алынатын процесті автоматтандыруға мүмкіндік беретін кезең-кезеңмен процестер енгізілуде.

Қазірдің өзінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ең қысқа мерзімде жасауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленді.

Еліміз бойынша ішкі істер органдарының 7 мыңнан астам қызметкерлері планшеттермен жабдықталған және а.ж. сәуірінен бастап ЖЖЕ бұзу бойынша хаттамалар тек электрондық түрде ғана толтырылады.

Айыппұл төлеу рәсімі едәуір оңайлатылды. ӘӨБТ жүйесін екінші деңгейдегі банктермен интеграциялау нәтижесінде айыппұлдарды орындарда немесе кассалық терминалдар мен қосымшалар арқылы төлеуге болады.

Айыппұлдар бойынша нұсқамаларды уақтылы жеткізу мақсатында "Қазпошта" АҚ гибридті электрондық поштасы қолданылады, сондай-ақ құқық бұзушының ұялы телефонының абоненттік нөміріне хабарлама келеді.

Бас қала және басқа да облыс орталықтарында фото және бейне жүйелерімен интеграциялау жасалды.

А.ж. 21 қазанынан бастап фото және бейне жүйелерімен жазылған бұзушылық туралы нұсқамалар бас қалада, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, сонымен қатар, Шымкент қаласында қазақстандық нөмірлері бар жүргізушілерге ғана емес, сондай-ақ шетелдік тіркеудегі автокөлік иелеріне де келетін болады.

Бұрын мұндай мүмкіндік болмайтын, өйткені бұзушылық туралы нұсқамалар ҚР-да тіркелген автокөліктің техникалық паспортындағы жазбаның негізінде жасалатын.

Шетел нөмірлік белгілері бойынша жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін болмайтын және тиісінше әкімшілік нұсқама жасауға да келмейтін.

Сонымен қатар, соңғы 3 жыл ішінде шетелдік нөмірлері бар автокөліктердің қатысуымен жасалған ЖКО статистикасы 2 есеге өсті, және осындай көліктердегі құқық бұзушыларды сәйкестендіру жолын табу қажет болатын.

ҚР аумағында көлік құралының қай елде тіркелгеніне қарамастан барлық жүргізушілерде міндетті сақтандыру полисі болуы тиіс екенін атап өту қажет.

Бас прокуратура Әкімшілік полиция комитетімен, бірыңғай сақтандыру базасының иелері болып табылатын Ұлттық банкпен, Мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесіп, шетелдік нөмірлері бар автокөлік жүргізетін жүргізушілерді сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Шетелдік автомобиль жүргізетін тұлғалар туралы ақпарат жеке басы және көлік туралы барлық қажетті сәйкестендіру мәліметтері көрсетілетін сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады.

Барлық шараларды іске асыру құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылының және үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болғанын атап өтеміз.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии