Горячие новости
Читайте также

2020 жылы ауыл ауруханаларының бәрі интернетке қосылады

Қазірдің өзінде аруханаға бару мобильді қосымшалардың көмегімен екі есе азайған.

Фото : inform.kz6 ноября 2019, 11:02

2020 жылы бүкіл ауылдық ауруханалар интернетке қосылады. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Digital Bridge форумында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Жиын аясында медицинаны цифрландыру бойынша панельдік сессия өткен болатын. Сала бойынша атқарылып жатқан шаралар профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, медициналық қызмет сапасын арттырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні айтылды", делінген "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының Facebook-тегі парақшасында.

Қазірдің өзінде аруханаға бару мобильді қосымшалардың көмегімен екі есе азайған. Дәрігерге электронды түрде жазылудың арқасында кезек қысқарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазақтелеком" АҚ баспасөз қызметі Қазақстанда ауылда тұратын 2,5 млн тұрғын және 2,5 мың мемлекеттік мекеме кең жолақты интернетке қосылатыны жөнінде мәлім еткен еді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии