Новости
В других СМИ
Загрузка...
Новости партнеров

"Мен қазақпын" деген Димаштың видеосы 12 сағат ішінде 120 миллион рет көрілген

Димаш бүркіттің маскасын таңдап алған екен.

Фото : Instagram7 ноября 2019, 10:43

Қытайдағы Mask Singer шоуына қонақ ретінде қатысқан Димаш Құдайбергеннің видеосы Weibo әлеуметтік желісінде 12 сағат ішінде 120 миллион көрсетілімге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол видео Димаштың Instagram парақшасында да жарияланды.

"Әлемнің қай түкіпіріне бармасам да мен, ең алдымен, қазақпын, қазақтың баласымын, қазақтың әншісімін деп айтып, оны ерекше мақтан тұтамын. Бүгінгі бағдарламаға қонақ ретінде шақырғанын пайдалана отырып, мынаны алып шықтым. Қазақтың туындағы символдың бірі - бүркіт, қыран құс. Қыран құстай қалықтап ұшқан қазақ деген халықтың баласы екенімді білдіргім келді", - дейді ол видеода.

Айта кетсек, бұл шоу шарты бойынша әнші басына маска киіп ән салуы керек. Ал Димаш бүркіттің маскасын таңдап алған екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Yesterday’s Chinese program

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) 5 Ноя 2019 в 5:48 PST


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии