Горячие новости
Читайте также

Ақмолада бір әйел әлеуметтік желінің көмегімен құрбысынан өш алған

Сұрастыра келгенде, күдікті мұндай қадамға араларында қызғаныштан болған жанжал түрткілігенін айтқан.

Фото : Ашық дерекөздерден алынды7 ноября 2019, 11:37

Ақмолада полиция өз танысының фотосуреттерін желіде заңсыз пайдаланып, таратқан күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың сәуір айында Көкшетау полициясына 36 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Ол белгісіз адамдар оның жеке суреттерін әлеуметтік желіде пайдаланып, жариялап жүргеніне шағымданған. Ол аздай, суретін заңсыз пайдаланғандар қыздың телефон нөмірі мен жеке мәліметтерін бөлісіп, оны интимдік қызмет көрсетеді деген.

Мұны білген бойжеткен бірден полицияға арызданған.

"Anti-Fraud" жедел алдын алу іс-шарасы аясында күдікті ретінде Сандықтау ауданына қарасты бір ауылдың 32 жастағы тұрғыны анықталды. Сондай-ақ, әйелдердің бір-бірімен бұрыннан таныс екендігі белгілі болды. Сұрастыра келгенде, күдікті мұндай қадамға араларында қызғаныштан болған жанжал түрткілігенін айтқан.

Қазіргі уақытта күдікті өз жасағанын мойындап, оған қатысты заттай дәлелдемелер де табылды.

Полиция азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін немесе қоғамның немесе заңмен қорғалатын мемлекеттің мүдделерін бұзуға әкеп соқтыратын ақпарат жүйесіндегі немесе телекоммуникация желісіндегі электронды тасымалдағыштағы заңмен қорғалатын ақпаратқа қасақана заңсыз қол жеткізгені үшін заңда 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынатынын, не болмаса 40 күнге дейін қамауға алынатынын ескертеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии