Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақылы жол терминалынан ұшып өтіп, оңбай соғылған көліктің видеосы бар екен

Полицейлер көлік жүргізушісін медициналық сараптамаға жіберді.

Фото : zakon.kz7 ноября 2019, 16:10

"QazAvtoJol" "ҰҚ" АҚ кеше кешкісін Алматы-Қорғас жолындағы терминалда болған жол апатының видеосын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 30 жастағы жүргізуші көлік ішінде жалғыз болған. Ол дін аман. Полицейлер жүргізушіні медициналық сараптамаға жіберіп, көлігін айып тұрағына әкетті, - деді "QazAvtoJol" "ҰҚ" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.

Бұрын хабарланғандай, Алматы – Қорғас ақылы жолының ақша төлейтін терминалы алдында жол-көлік оқиғасы орын алды. Алматы бағытындағы Nissan Primera жүргізушісі белгісіз себептермен үлкен жылдамдықпен келіп терминалға ақша төлемек түгіл тоқтамастан өте шығып, ар жағындағы бетон бордюрге оңбай соғылды.

Быт-шыт болған Nissan-ға терминал қызметкерлері жақындағанда жүргізуші мыжылған көлік ішінде жатқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер келгенде есін жиған жүргізуші шашылған бөлшектерін жинап, көлігінің ішіне сала бастады.

Бірақ жүргізуші ақыры ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер ол жүргізушінің сау күйде екеніне күмән келтіретінін айтқан.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии