Горячие новости
Читайте также

Алматыда қаралы қауым Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

Актриса 8 жыл қызмет еткен Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрынан шығарылып, Кеңсай зиратына жерленді

Фото : Алматы ТВ7 ноября 2019, 17:40

Халық жадында Майқанова апайдың рөлін сомдаған актриса ретінде сақталып, ғұмырын кино және театр саласынар арнаған біртуар тұлға 80 жасында дүниеден озды. Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салуға өнер мен мәдениет майталмандары мен келді. Барлығы Раиса Мәжитқызының халық алдында жоғары бағаға ие болғанын, оның адами қасиеттері мен көз тоймас сұлулығын сөз етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Шынында да ең алғаш рет Раяны көргенде жігіттер тұрмақ, өзім ғашық болғанмын. Ол рас. Қыз- келіншектердің барлығы Раяға қарап көзін ала алмайтын. Оның мөлдіреген бота көзі, әсіресе өңі қандай еді?!. Ол бекзат тұлғалы еді", – деді ҚР Халық әртісі Роза ӘШІРБЕКОВА.

Қаралы жиында Президент, премьер-министр мен Алматы қаласы әкімінің көңіл айту жедел хаттары оқылды. Актриса 8 жыл қызмет еткен Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрынан шығарылып, Кеңсай зиратына жерленді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии