Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Төрт ойында 1:14. "Астана" Нұр-Сұлтанда масқара жеңіліске ұшырады

Қазақтың қайран жанкүйері реванш күткен.

Фото : sports.kz8 ноября 2019, 08:18

Еуропа лигасының топтық кезең ойынында "Астана" өз алаңында голландияның "АЗ Алкмаар" клубын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" мынадай құраммен алаңға шықты: Эрич, Рукавина, Ротариу, Томасов, Бейсебеков, Маевский, Логвиненко, Перцух, Постников, Шомко, Хижниченко.

Сырт алаңда "АЗ Алкмаардан" 6:0 есебімен ұтылып келген соң жанкүйерлер реванш күткен, деп жазады Sports.kz.

Алайда астаналықтар шабуылда да түк тындырмады, қорғаныста да жарытпады. Қорытынды есеп 5:0 – "АЗ Алкмаар" "Астананы" тағы да таптап кетті.

28 қарашада "Астана" Нұр-Сұлтанда ағылшынның "Манчестер Юнайтедін" қабылдайды.

"Астана" – "АЗ Алкмар" 0:5 (0:1)

Голдар: Боаду 29 (0:1), Мидтше 52 (0:2), Идрисси 57 (0:3), Хацидакос 76 (0:4), Боаду 77 (0:5).


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии