Горячие новости
Читайте также

Кристиана Маркерт Германияның Алматыдағы жаңа Бас консулы болды

Маркерт ханым Швайнфуртта/Германияда дүниеге келген.

Фото : wikipedia.org8 ноября 2019, 11:33

Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы жаңа Бас консулы Германия Федеративтік Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы Кристиана Маркерт ханымның 2019 жылдың 5 қарашадан Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы ретінде жұмысын бастағанын хабарлайды.

Маркерт ханым Швайнфуртта/Германияда дүниеге келген. Вюрцбург, Халл (Ұлыбритания) және Оксфордта тарих және саяси ғылымдарды оқыған кейін, сондай-ақ Брюссельдегі Еуропалық Комиссияда көп жыл жұмыс істегеннен кейін Маркерт ханым дипломатиялық қызметке келді.

Германия Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында оқи жүріп, сонымен қатар Страсбург қаласындағы Ұлттық басқару мектебін де бітіріп шықты (француз. Ecole nationale d'Administration, ENA).

Вашингтон, Сингапур және Сараево қалаларында дипломатиялық қызмет жасады. Алматы қаласына келгенге дейін ол Прага қаласында Германия елшілігінде Кеңесші қызметін атқарды. Оның жұмысының негізгі бағыттары ЕО саясаты, мәдениет және экономика салалары болды.

Экономикамен алмасу бағдарламасы аясында 2013-2014 жж. Сименс компаниясына үкімет істері жөніндегі аға вице-президент қызметін атқаруға тағайындалды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии