Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Өскемен әкімдігінен қала белсенділері митинг өткізуге рұқсат сұрады

Енді 9 қараша күні Амфитетарды сұрап отыр. Бірақ бұған да рұқсат етілген жоқ.

Фото : wikipedia.org8 ноября 2019, 15:35

Өскемен әкімдігіне қала белсенділері тарапынан экологиялық мәселеге байланысты бейбіт митинг өткізу үшін екі рет өтініш түсті. Бірақ екеуіне де рұқсат берілген жоқ, деп хабарлайды Аltaynews yk.kz сайтына сілтеме беріп.

Белсенділер бұған дейін 26 қазан күні орталық алаңды сұраған. Ол күні жастар орталығының акциясы өтетіндіктен алаң бос болмаған. Бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты жастардың іс-шарасы кейінге шегерілген.

Енді 9 қараша күні Амфитетарды сұрап отыр. Бірақ бұған да рұқсат етілген жоқ. Себебі онда скандинавиялық жүрістен мектеп оқушыларының арасында жарыс өтеді.

Белсенділердің айтуынша, олар зауыттардың жабылуын талап етпейді. Тек дәрі, жеңілдік және өтемақылардың берілуін сұрайды.

– Біз бұл митингті мүлде болдырмауды ойлаған емеспіз. Шынымен де, белгіленген іс-шараларға байланысты алаң бос болмай тұр. Уақыты да сай келмейді, – деді қала әкімінің орынбасары Серік Жеңісов.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии