Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Талдықорғанда таксишіні пышақтап, көлігін айдап кеткен екі қаскөй ұсталды

Күдіктілер сұрақ-жауап кезінде екеуінің де қылмысқа дайындалып барғандарын, ал тартып алынған көлікті бөлшектеп, сату туралы жоспарлары болғанын айтқан.

Фото : Алматы облысы ПД баспасөз қызметі8 ноября 2019, 16:58

Алматы облысында полиция қызметкерлері такси жүргізушісіне қарулы шабуыл жасап, оны өлтірмек болған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 қарашаға қараған түні Талдықорған полициясына қала шетінде ауыр жараланған ер адамның табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл мәліметті оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобы растады. Пышақталған азамат дереу ауруханаға жеткізілді.

Жағдайларды анықтай келе, полиция жәбірленушінің кісі тасумен айналысқанын және белгісіз екі адам оны пышақтап, Audi -100 көлігін иемденіп кетіп қалғаны мәлім болды.

- Талдықорғанда және бүкіл аймақта "Ұстау" жоспары жарияланды. Іздестіріліп жатқан Audi –дің облыс орталығынан тысқары шыққаны анықталды. Оны Үштөбеге кіреберісіте Қаратал аудандық полиция қызметкерлері тоқтатқан. Күдіктілерді ізіне түскен екі патрульдік бригада ұстады. Ұсталғандардың екеуі де Талдықорғанға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді Талдықорған қалалық полиция бастығы Асқар Нұрсапа.

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 99-бабы, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

- Күдіктілердің екеуі де 2001 жылы туған Сарқанд ауданының азаматтары екені анықталды, олардың біреуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бірақ ол кәмелет жасқа толмағандықтан түрмеге қамауға байланысты жазадан құтылған, - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Күдіктілер сұрақ-жауап кезінде екеуінің де қылмысқа дайындалып барғандарын, ал тартып алынған көлікті бөлшектеп, сату туралы жоспарлары болғанын айтқан. Үйден алдын ала пышақ алып шыққан екеуі Талдықорғанда бір таксиге мініп, оны алдау жолымен қала сыртына алып шығады, сөйтіп оның мойнын пышақпен осып жібереді.

- Полицияның сауатты іс-әрекетінің арқасында аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктілер дер уақытында ұсталды. Оқиға орнынан табылған пышақ пен күдіктілерді ұстау кезінде тәркіленген тағы бір пышақ заттай айғақтар ретінде қылмыстық тергеу материалдарына тіркелді. Бұл іс облыстық полиция департаментінің жеке бақылауында, - дейді баспасөз қызметі.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии