Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматыда судья пара алған

Бұл фактіні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, жұмыла анықтады.

Фото : Zakon.kz8 ноября 2019, 18:06

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы пара алды деп айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін Алматы қаласы Медеу аудандық сотының Азаматтық істер жөніндегі судьясы Әбілқайыр мен оның хатшысы Рақышовқа қатысты қозғалған сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

- Әбілқайыр жердің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдауы үшін өзінің көмекшесі Рақышов арқылы алдын-ала келісілген 10 мың АҚШ долларының 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдікке ілінген, делінген хабарламада.

Бұл фактіні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, жұмыла анықтады.

8 қарашада Алматы қаласы Медеу ауданындағы №2 аудандық сотының үкімімен Әбілқайырға 45 млн 459 мың 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Дәл сол үкім бойынша Рақышовты 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл адамдар өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызметтер атқару құқығынан айырылады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии