Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тоқаев: Біз көзбояушылықпен айналыспауымыз керек!

Мемлекетке нақты іс-қимыл қажет - Президент.

Фото : Ақорда14 ноября 2019, 12:46

Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке қырып тастадық деген көрсеткіштер емес, тиімді іс-қимыл қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Біз бос іспен, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаны дайындау кезінде алдыңғы бағдарламалардың барлық қателіктері ескерілуі керек. Қырып тастадық деген көзбояушылықтың керегі жоқ, объективті талдау, тиімді іс-қимыл қажет, - деп атап өтті Президент Твиттерде.

Сонымен қатар, Тоқаев облыс әкімдері мен үкіметтің алдына нақты міндет қойды.

- Үкіметтің, Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті - бар күш-жігерін ұзақ мерзімді Елбасы Стратегиясын, Ұлт жоспары мен бес институционалдық реформаны толық іске асыруға бағыттау. Тек осы жолмен біз қиындықтар мен қауіп-қатерді жеңе аламыз, - деді ол.

14 қарашада Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Көкшетауға барды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии