Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Президент Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазартуды тапсырды

Президент бұл мәселелерді шешу үшін тиісті министрлікке мүдделі органдармен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Фото : qazaqstan3d.kz14 ноября 2019, 14:42

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазартуды тапсырды, деп хабарлады Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазарту мәселесі өте өзекті. Біз Бурабайдың ғажап табиғатын өскелең ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек. Осы мәселелерді шешу үшін тиісті министрлікке мүдделі органдармен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді Қазақстан ПрезидентіTwitter парақшасында.

Ал мұның алдында Тоқаев ауылдық елді мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналып жатқанын айтты. Сондай-ақ Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент елордалық тұтынушыларды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуді тапсырды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии